432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қытай шетел азаматтарына елге келуге рұқсат берді

  • 189
  • UPD: 08:20, 24.09.2020
Қытай шетел азаматтарына елге келуге рұқсат берді

Жұмыс бабымен немесе жеке істерімен және отбасыларымен қосылу мақсатында Қытайды уақытша тұруға құжаты бар адамдар кіре алады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл үшін жаңа виза рәсімдеуідің қажеті жоқ. Ал егер мерзімі өтсе, Қытайдың шетелдегі дипломатиялық өкілдіктеріне барып, жаңа құжат алуына болады. Үкіметтің бұл үкімі 28 қыркүйекте күшіне енеді.

Еске сала кетейік, наурыз айының соңында елде індеттің өршуіне байланысты визалары бар шетел азаматтарына да келуге тыйым салынған болатын. Соңғы айлары Қытай эпидемиологиялық ахуалы жақсарған елдердің азаматтарына біртіндеп шекарасын аша бастады.

Хабар 24 телеарнасы