432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мумбай су астында қалды

  • 143
  • UPD: 09:47, 24.09.2020
Мумбай су астында қалды

Мумбайда нөсерлетіп жауған жауын салдарынан қала су астында қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Рейтерс агенттігі жариялаған бейнежазбадан судың белшеден келетінін байқауға болады. Жергілікті БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, тасқын суға байланысты қазір шаһарда қоғамдық көлік пен пойыз қатынасы тоқтаған.

Айта өтейік, су тасқыны Мумбай үшін сирек құбылыс емес. 20 миллион халқы бар шаһар жыл сайын табиғаттың тосын мінезінен зардап шегеді. Мәселен, бұған дейін муссон жаңбырынан қалада бір ғимарат құлап, 35 азамат қайтыс болды. Оннан астамы із-түзсіз жоғалып кетті.

Хабар 24 телеарнасы