429,38 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әлемде коронавирусқа шалдыққандардың саны 32 млн-нан асты

  • 102
  • UPD: 11:30, 24.09.2020

Індеттен 979 мыңға жуқ науқас көз жұмды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, соңғы кездері Израильде жағдай мәз болмай тұр. Аймақта бір тәулікте 7 мыңға жуық адам індеттің құрығына іліккен. Осылайша Израильде коронавирусқа шалдыққандардың жалпы саны 200 мыңнан асты. Осыған орай ел премьер-министрі Биньямин Нетаньяху карантин шараларын қатаңдатпақ ниетте.

Биньямин Нетаньяху, Израиль премьер-министрі:

– Қазіргі ахуал көңіл көншітпейді. Дереу тиісті шара қолданбасақ, жағдай одан бетер ушыға түсуі мүмкін. Премьер-министр ретінде елдің амандығын ойлауым керек. Талапқа бағынып, бірге қимылдасақ қана нәтижеге жетеміз. Сын сағаты тағы келді.

Ал вирустың таралуы қарқын алып бара жатқан Ұлыбританияда инфекцияны анықтайтын тест тапшылығы пайда болды. Қазір тестке деген сұраныс өндіріс көлемінен 4 есе артып отыр. Жергілікті тұрғындар бұл олқылықтың орын алуына биліктегі Борис Джонсонды айыптап отыр. Премьер-министр болса, жағдайдың тұрақты екеніне сенім білдіруде.

Борис Джонсон, Ұлыбритания премьер-министрі:

– Қазірден бастап тестілеу ауқымын ұлғайту керек. Денсаулық сақтау саласы кез келген жағдайға сақадай сай. Қазан айының соңына қарай күніне 500 мың тест жасалуы тиіс.

Ал Бразилияда індеттің құрығына іліккендердің саны 4 млн 600 мыңнан асса, 139 мыңға жуығы осы кеселдің құрбаны болды. Соңғы тәулікте 33 мыңнан астам адамға коронавирус диагнозы қойылса, 870 тұрғын көз жұмды. Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрлігі хабарлайды. Шамамен 3 млн-ға жуық адам дертінен құлан таза айығып шықты.

Хабар 24 телеарнасы