427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бельгиялықтар вируспен өмір сүруге үйренулері керек – Софи Вильмес

  • 131
Бельгиялықтар вируспен өмір сүруге үйренулері керек – Софи Вильмес Известия

Қауіпті инфекция Бельгияда көбейсе де, жергілікті билік кей шектеу шараларын жеңілдете бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәселен, қазанның 1-інен бастап тұрғындар масканы тек адамдар көп жиналатын жерде және қоғамдық көліктерде ғана тағуы міндетті. Ал вирус өршіп тұрған елді мекеннен келгендер үшін карантин мерзімі 14 күннен 7 күнге дейін қысқарды. Ел премьер-министрі бельгиялықтар вируспен өмір сүруге үйрену керек дегенді алға тартады. Айта кетейік, соңғы аптада Бельгияда коронавирусқа шалдыққандардың саны 65 процентке өскен.

Софи Вильмес, Бельгия премьер-министрі:

– Масканы үнемі барлық жерде таққанның пайдасы жоқ. Сондықтан қазанның 1-інен бастап бетпердені сыртта тағу міндетті болмайды. Тек адам көп шоғырланатын жерде ғана кию керек.

Хабар 24 телеарнасы