428,77 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Германияда COVID-19 қарсы қосымшаны 18 млн адам жүктеген

  • 122
  • UPD: 14:18, 24.09.2020
Германияда COVID-19 қарсы қосымшаны 18 млн адам жүктеген РИА Новости

Германияда мобильді қосымша арқылы 5 мың адам вирсус жұқтырғанын біле салысымен, өзімен байланысқа түскендерді ескерте алған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бағдарлама арқасында науқастардың әріптестерінен бастап дүкендегі сатушыға дейін вирусты жұқтырып алуы мүмкін екенін білген. Жаңа бағдарлама 100 күн бұрын үкіметтің бастамасымен іске қосылған. Осы уақыт аралығында 18 миллион адам оны телефондарына орнатқан. Бірақ қосымшаны жүктеген азаматтардың жартысына жуығы өзінің ауырғаны жайлы хабар таратпаған. Сондықтан дәрігерлер тұрғындардан жауапкершілік танытып, дертке шалдыққаны туралы жедел хабарлауын сұрауда.   

Йенс Шпан, Германия денсаулық сақтау министрі:

– Қазір зертханалардағы 1 миллионнан астам тест қорытындысы смартфондарға жүктелген. 5 мың адам осы қосымшаны пайдаланып, өзінің дерт жұқтырғаны туралы өзге адамдарға ескерткен. Осылайша бұл қосымшаның коронавирустың таралмауына көмектесіп жатқанын көреміз. Әлемдегі ең озық қосымшаның бірі деп айтуға болады.

Хабар 24 телеарнасы