428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Чехия қоршаған ортаны қорғаудың ерекше тәсілін тапты

  • 123
  • UPD: 14:12, 24.09.2020
Чехия қоршаған ортаны қорғаудың ерекше тәсілін тапты Вестник Кавказа

Бұл – ел Еуропадағы ауасы ең лас елдің бірі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соңғы кезде көшелері де қоқысқа толып кеткен. Әсіресе шылым шегетіндер темекі тұқылдарын тастай салады. Бәрін бірдей жауапқа тарту мүмкін емес. Сол себептен билік темекі өндіруші компанияларына заңмен экологиялық алым салмақ. 

Темекі тұқылының топыраққа келтіретін зияны пластик шөлмегінен асып түседі. Зерттеу нәтижелері осындай. Заң бойынша Чехияда пластик өндіретін компаниялар бұйымының әр тоннасы үшін 230 еуро мөлшерінде экологиялық алым төлейді. Ал темекі шығаратын фабрикалар осындай алымнан босатылған екен. Енді жағдай өзгерді. 

Боржек Барбор, эколог:

– Қоршаған орта министрлігі бастамамызды қолдады. 2019 жылы Еуроодақта қабылданған табиғатты қорғау директивасы негізінде заң қабылдадық. Оған сәйкес темекі шығаратын фабрикалар экологиялық алым төлейтін болды.

Соңғы бірнеше жылда Чехияда экология мәселелері өзекті болып тұр. Бұл ел 2014 жылы Еуропадағы ең лас мемлекеттердің бірі ретінде танылған. Ауаға сіңген ұсақ шаңның салдарынан мыңдаған ел тұрғыны қайтыс болған еді.

Ондржей Шафалович, заңгер:

– Темекі өндіруші компаниялар бұл заңға наразы болатыны анық. Қолайлы жағдай жасалғандықтан, әлемдегі ең ірі фирмалардың бірі Чехияда кеңсесін ашқан болатын. Ал енді олар мұны өзіне жасалған қысым деп қабылдауы мүмкін.

Бұл заңды Чехия қалаларының басшылары қуана қарсы алды. Енді елді мекендерін тазалауға бөлінетін қаражат артатын болды. Туризм саласының өкілдері де өз қолдауын білдірді. Өйткені жергілікті жағажайларда тасталатын қоқыстың 19% темекі тұқылдары екен.

Авторлары: Александр Грэс, Павел Невид

Хабар 24 телеарнасы