Бұл туралы Ақ үй басшысы Дональд Трамп мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».
Жаңа шектеулер темекі мен алкогольді сусын тауарларының саудасына қатысты. Сонымен қатар америкалықтарға Куба аумағында ұйымдастырылған қоғамдық іс-шараларға қатысуға әрі Куба билігіне тиесілі қонақүйлерде тоқтауға тыйым салынған. Естеріңізге салайық, Құрама штаттары мен Куба арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1961 жылы үзілген. Салдарынан тараптар бір-біріне сауда саласында экономикалық санкциялар енгізген еді. Ал 2014 жылы Барак Обаманың билік етуі кезінде қатаң шектеу шаралары жұмсарғанмен кейін Трамп бұл саясатты қателік деп санап, эмбаргоны қайта қатаңдата бастады.