428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ресейде суррогаттық әдіспен дүниеге келген жүзден астам сәби ата-аналарына жете алмай отыр

  • 121
Ресейде суррогаттық әдіспен дүниеге келген жүзден астам сәби ата-аналарына жете алмай отыр pnp.ru

Санкт-Петерборда суррогат аналардан дүниеге келген жүзден астам сәби өз биологиялық ата-анасы – Қытай азаматтарымен қосыла алмай отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Нәрестелердің кейбірі дүниеге көктем кезінде келсе де, әке-шешелері әлі күнге дейін көрмеген. Себебі виза берілмегендіктен, олар Ресей жеріне жете алмай отыр. Бала мен ата-ананы табыстыру үшін енді Ресей билігі жуырда арнайы чартерлік рейс ұйымдастырмақ. Айта кетейік, Қытай елінде суррогат ана қызметі заңмен тыйым салынған. Сондықтан аспан асты елінің азаматтары қызметтің бұл түріне шет елдерде жүгінеді.

Хабар 24 телеарнасы