429,38 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нобель сыйлығының иелеріне 1 млн доллардан беріледі

  • 125
  • UPD: 14:47, 24.09.2020
Нобель сыйлығының иелеріне 1 млн доллардан беріледі Delo.ua

2020 жылы Нобель сыйлығының иелеріне 10 миллион швед кроны, яғни шамамен 1 млн долларға жуық қаржы табысталады. Бұл туралы Нобель қоры хабарлады.  

«Жетістіктері арқылы бізді шабыттандырып, болашағымызға үміт сыйлатын лауреаттардың еңбегін бағалау әсіресе биыл аса маңызды. Нобель аптасының қарсаңында сыйақы көлемі 1 млн кронға (шамамен 100 мың доллар) артатынын қуана хабарлаймыз», – деп мәлімдеді Нобель қорының басшысы Ларс Хейкенстен.

Қор мәлімдемесінде 2012 жылдан бері қор капиталы 3-тен 4,6 млрд кронға (300-ден 460 миллион доллар) көбеюіне байланысты кіріс те артқаны жазылған. Ал жыл сайын сыйлық иелеріне берілетін сыйақы көлемі осы қаржыдан алынады.

2017 жылдан бері сыйақы мөлшері 9 млн крон болып келген.

Нобель сыйлығы лауреаттарының есімдері 5 қазан күні белгілі болады. Ал оларды марапаттау рәсімі әдеттегідей Альфред Нобельдің өмірден өткен күні, 10 желтоқсанда өтеді. Биыл бұл салтанатты іс-шара онлай өтетіндігін де еске саламыз.

Хабар 24 телеарнасы