427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жапонияға «Дельфин» дауылы жақындап келеді

  • 99
  • UPD: 23:30, 24.09.2020
Жапонияға «Дельфин» дауылы жақындап келеді

Жапонияда «Дельфин» дауылы соғуы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Орталық метеорологиялық агенттіктің болжамынша ол елдің шығысынан солтүстік-шығыс жағалауға бағыт алады. Дауылдың жылдамдығы сағатына 150 шақырымға дейін жетуі мүмкін екен. Ал, Токай өңірі мен Идзу аралында 200 миллиметр жауын түседі деп күтілуде. Одан бөлек, кей өңірлерде су тасқыны мен лай көшкіні жүруі де мүмкін. Сондықтан жергілікті билік тұрғындарды сақ болуға шақырып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы