427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Йеменде жаңа COVID-аурухана ашылды

  • 116
  • UPD: 08:44, 25.09.2020
Йеменде жаңа COVID-аурухана ашылды

Халықаралық Қызыл крест комитеті Йеменде коронавирустың екінші толқынына дайындалып жатыр. Осы мақсатта аталған ұйым ағымдағы аптада тек ковид-19 науқастарына арналған жаңа емхана ашты. Себебі індеттің алғашқы толқынында елде дәрігерлер мен құрал-жабдықтардың жетіспеушілігінен көптеген медициналық мекеме жабылуға тура келген.

Айта кетейік, бүгінге дейін бұл елде 2 мыңнан астам вирус жұқтыру дерегі тіркелген.

Алайда дәрігерлердің айтуынша, науқастардың басым бөлігі жалпы есепке алынбаған. Және тек ауыр халге түскен азаматтар ғана ауруханаға жатқызылып жатқан көрінеді.

Хабар 24 телеарнасы