427,88 501,70 5.49
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Испания қайтадан тар жол, тайғақ кешуден өткелі тұр

  • 113
  • UPD: 08:38, 25.09.2020
Испания қайтадан тар жол, тайғақ кешуден өткелі тұр

Алдағы аптада Мадрид қаласы коронавирустың таралу қарқынына байланысты қиын кезеңді бастан өткереді.

Жергілікті денсаулық сақтау министрі жуырда осындай мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, Испанияда соңғы тәулікте тіркелген жаңа деректердің төрттен бір бөлігі ел астанасынан анықталған. Ал бір күндегі өлім-жітім саны болса, мамырдағы көрсеткішке дейін жеткен. Осыған байланысты

Ал қазір Мадрид полицейлері тұрғындар арасында тексеріс жүргізуді қолға алған. Одан бөлек Мадрид билігі індеттің таралуын тежеу үшін ел үкіметінен қосымша көмек сұрап отыр.

Айта кетейік, Испанияда коронавирус жұқтыру көрсеткіші елде жалпыұлттық шектеу шаралары аяқталған соң күрт өсіп кетті. Қазір инфекцияға шалдыққандардың қатары 700 мыңға жуық. Ал көз жұмғандар саны 31 мыңнан асады.

Хабар 24 телеарнасы