432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АҚШ-та шеру кезінде полицейлер жараланды

  • 122
  • UPD: 09:26, 25.09.2020
АҚШ-та шеру кезінде полицейлер жараланды

АҚШ-тың Луисвилл қаласындағы шеру кезінде атыс болып, 2 полицей жарақат алды.

Наразылық соттың қара нәсілді Бреонна Тейлор есімді әйелдің өліміне байланысты шешімінен кейін басталды. Себебі сот полицейлер Тейлордың өліміне тікелей қатысы бар деп көрсетпеген.

«Тек операция кезінде оқ атып, өзге адамдардың өміріне қауіп төндірді» деген шешім шығарған.

Еске сала кетейік, Бреонна Тейлор 13 наурыз күні Луисвиллдегі үйінде полицейлердің арнайы операциясы кезінде тәртіп сақшыларының қолынан қаза тапқан.

Хабар 24 телеарнасы