428,77 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ресми Сеул өз азаматының өлімін Солтүстік Кореядан көріп отыр

  • 186
  • UPD: 10:42, 25.09.2020
Ресми Сеул өз азаматының өлімін Солтүстік Кореядан көріп отыр

Сеул билігі Корея халық демократиялық республикасын оңтүстік кореялық шенеуніктің өліміне қатысы бар деп айыптап отыр. Бұл туралы Оңтүстік Кореяның қорғаныс министрлігі жария етті.

Шенеунік осы аптаның басында із-түзсіз жоғалып, жуырда Солтүстік Корея аумағында өлі табылған. Кей ақпарат көздері марқұм Солтүстік Кореяға қашпақ болғанын хабарлайды. Алайда көрші елдің шекара қызметкерлері шенеунікті атып түсіріп, денесін өртеп жіберген.

Айта кетейік, Сеул билігі бұл оқиғаны «адамзатқа қарсы қылмыс» деп атап Пхеньянның кешірім сұрауын талап етіп отыр.

Хабар 24 телеарнасы