427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Трамп сайлауға қатысты мәлімдеме жасады

  • 171
  • UPD: 11:50, 25.09.2020
Трамп сайлауға қатысты мәлімдеме жасады

АҚШ-та президенттік сайлауға бір айдан астам уақыт қалды. Биылғы жылдың басты саяси оқиғасы жақындаған сайын дода төңірегінде талас-тартыс қызуда. Президент Дональд Трамп сайлауға қатысты тағы мәлімдеме жасап, оның әділ өтетініне күмән келтірді.

Азаматтарға пошта арқылы дауыс бергенде абай болуға шақырды. Дегенмен, Ақ үй басшысы енді сайлау қорытындысын Жоғарғы сот растаса, билікті қарсыласына бейбіт түрде беретінін айтады. 

Дональд Трамп, АҚШ Президенті:

- Бюллетеньдерге өте мұқият болуымыз керек. Пошта арқылы дауыс беру сенімсіздік тудырады. Біз сайлаудың әділ өтетініне көз жеткізгіміз келеді. Бірақ мен оған сенімді емеспін. Естеріңізде болса, бір апта бұрын Хиллари Клинтон Джо Байденге қандай жағдайда да сайлау қорытындысымен келіспеңіз деп кеңес берген еді. Бұл туралы неге оған сұрақ қоймайсыздар.

Хабар 24 телеарнасы