428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шығыс Еуропа елдері мигранттарға қатысты жаңа саясатқа қарсы

  • 110
  • UPD: 13:35, 25.09.2020
Шығыс Еуропа елдері мигранттарға қатысты жаңа саясатқа қарсы

Венгрия, Польша және Чехия Еурокомиссияның жаңа миграциялық саясатына наразы. Бағдарламаға сәйкес Одаққа мүше елдер бюджеттен бөлінетін қаражатқа босқындардың бір бөлігін қабылдауы тиіс.

Сондай-ақ Еуроодақтан тыс жерлерде мигранттарды қабылдайтын орындар ашу көзделген. Ал Шығыс Еуропа елдері босқындарды квотамен қабылдауға үзілді-кесілді қарсы болып отыр.

Андрей Бабис, Чехия премьер-министрі:

- Миграцияны тоқтату қажет. Квота, қоныс аудару саясатымен келіспейміз. Еуропадан тыс жерлерде мигранттар орталығын ашудың керегі жоқ. Бұның орнына Солтүстік Африка елдерімен келіссөз жүргізіліп, Сирия мен Ливияға қатысты ұзақ мерзімді стратегия дайындалуы тиіс.

Виктор Орбан, Венгрия премьер-министрі:

- Өзгерістер көп, бірақ олар мәселені шешуге бағытталмаған. Еуроодақтан тыс жерлерде мигранттарды қабылдау орталығын құру дұрыс шығар. Себебі олар босқын мәртебесін алмай, Одақ аумағына кіре алмайтын болады. Бірақ Еурокомиссияның ұсынысы бұған негізделмеген.  

Хабар 24 телеарнасы