428,50 501,70 5.49
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытай COVID-19-ға қарсы екпенің 600 млн-нан астам дозасын шығармақ

  • 129
  • UPD: 15:18, 25.09.2020
Қытай COVID-19-ға қарсы екпенің 600 млн-нан астам дозасын шығармақ

Қытай билігі 2020 жылдың соңына қарай коронавирусқа қарсы вакцинаның шамамен 610 миллион дозасын, ал 2021 жылы 1 миллиардтан астам дозаны шығаруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды ТАСС ҚХР Мемлекеттік денсаулық сақтау комитеті өкілінің мәлімдемесіне сілтеме жасап.

«Біздің ағымдағы бағалауымызша, осы жылдың соңына қарай вакцинаның 610 млн дозасы өндіріледі. Бұл – ағымдағы жылы. Ал келесі жылы бұл көрсеткіш 1 млрд дозаға жетуі мүмкін», — деп мәлімдеді комитет өкілі.

Бұған дейін ҚХР билігі осы жылдың соңына дейін қытайлық коронавирус вакцинасын нарыққа шығаруға ниетті екендігі белгілі болды.

Жалпы әлемде коронавирус жұқтырудың 32 миллион жағдайы тіркелді, 22 миллион адам қалпына келді, 980 мыңнан астам науқас қайтыс болды.

Хабар 24 телеарнасы