427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Швеция билігі тұрғындарды құшақтаспауға шақырды

  • 129
  • UPD: 17:29, 25.09.2020
Швеция билігі тұрғындарды құшақтаспауға шақырды

Мамандардың айтуынша, бұл – коронавирус індетінің таралуына тосқауыл қоюдың бірден бір жолы, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ел премьер-министрі Стефан Лёвенның айтуынша, халықтың карантин талаптарына немқұрайлы қараған аудандарында індет өршіп барады. Швециядағы қазіргі эпидемиологиялық ахуал өзге елдермен салыстырғанда, көңіл көншітсе де, аймақта науқастар саны артып бара жатқаны анық дейді мамандар.

Стефан Левен, Швеция премьер-министрі:

– Иә, қазіргі ахуал көктем мезгіліне қарағанда, біршама тұрақталды. Алайда тұрғындардың барлығы шектеу шараларына аса жауапкершілікпен қарамай отыр. Індет қайта дендеп барады. Мамандардың ескертулеріне халықтың құлақ асып жатқаны шамалы. Адамдар бір-бірін құшақтап, көңіл көтеру кештерін қайта ұйымдастыруда. Біз бұл дағдарысты әлі толық жеңген жоқпыз. Сондықтан босаңсымауға шақырамын.

Хабар 24 телеарнасы