432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Норвегия патшасы ауруханаға түсті

  • 137
  • UPD: 17:34, 25.09.2020
Норвегия патшасы ауруханаға түсті

Норвегия патшасы Харальд V ауруханаға жатқызылды.

«Бүгін кабинетті мұрагер ханзада басқарады», - делінген патшалық отбасы таратқан хабарламада.

Патшаның ауруханаға түсуіне оның тыныс алуының қиындауы себеп болған. Дегенмен коронавирустық инфекция емес екендігі айтылған.

Жұма күні мұрагер ханзада Хокон 83 жастағы әкесінің орнына Мемлекеттік кеңестің отырысын басқармақ.

Хабар 24 телеарнасы