427,93 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Париждегі қарулы шабуыл: жарақат алғандар бар

  • 102
Париждегі қарулы шабуыл: жарақат алғандар бар

Парижде сатиралық Шарли Эбдо журналының бұрынғы кеңсесі маңында қарулы шабуыл болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Салдарынан 4 азамат жарақат алды. Екеуі ауыр халде жатыр. Қазір оқиға орны қоршауға алынған. Тергеп-тексеру кезінде мамандар ол жерден күмәнді пакет тапқан. Әзірге шабуылды нақты кімнің жасағаны беймәлім. Полиция қызметкерлері қылмыскерлерді ұстау операциясын жүргізіп жатыр. Соңғы ақпарға сәйкес, күдіктілердің бірі қолға түскен. Қанды оқиғаға байланысты ел прокуратурасы адам өлтіруге оқталу бойынша қылмыстық іс қозғады. Жалпы қазіргі уақытта жергілікті билік өкілдері тұрғындарды оқиға орнынан аулақ жүруге шақырып отыр. Сақтық мақсатында аймақтағы дүкендер мен мектептер жабылған.

Хабар 24 телеарнасы