427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мадрид билігі ішінара шектеу енгізбек

  • 112
  • UPD: 09:37, 26.09.2020
Мадрид билігі ішінара шектеу енгізбек

Коронавирустың екінші толқынына байланысты Испания үкіметі Мадридті ішінара шектеу енгізуге ұсыныс берді.

Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді. Оған сәйкес тұрғындар өз ауданынан шыға алмайды. Тек жұмыс пен сабаққа баруға ғана рұқсат етілмек. Сонымен қатар кафе-барлардың жұмыс уақыты қысқарады.

Айта кетейік, соңғы күндері Испанияда вирус жұқтырудың тәуліктік көрсеткіші айтарлықтай артып кетті.

Антонио Сапатеро, Мадридтің денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

- Тұрғындарға мүмкіндігінше сыртқа шықпауға кеңес береміз. Бұл карантинге жабылған аудан тұрғындарына да өзгелерге де қатысты. Қазір бүкіл қала бойынша 45 аудан тыйым салынған аймақ саналады.

Өз кезегінде АҚШ елінде коронавирус жұқтыру деректері әлі азаймай тұр. Өткен тәулікте 44 мыңнан астам адамнан қауіпті инфекция табылды. Ал алдыңғы күні бұл көрсеткіш 37 мыңнан асқан. Джонс Хопкинс университеті ұсынған мәлімет осындай.

Хабар 24 телеарнасы