Украинада ұшақ апатына қатысты тергеу амалдары басталды
- 260
- UPD: 10:12, 26.09.2020
Өткен түнде Харьков облысында Украина Қарулы күштеріне тиесілі Ан-26 әскери ұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлайды «Украинская правда» басылымы.
Әуе көлігі Чугуев қаласының әуежайына қонар кезде құлаған. Ұшақ бортында экипаждан бөлек Харьковтегі әскери университтің офицерлері мен курсанттары болған. Жалпы саны – 28. Қазіргі кезде 25 адамның қаза тапқаны анықталды. Екі кісі ауыр жарақат алды. «Өзге жолаушыларды іздестіру жұмыстары жүріп жатыр»,- деп хабарлады, Украина бас прокуратурасының баспасөз қызметі.
Облыс әкімі Алексей Кучера енді төрт адамның тағдыры белгісіз дегенді айтыпты. Қайғылы оқиғаға қатысты іс қозғалып, тергеу амалдары басталды.