432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Аргентинадағы алапат орман өрті дес бермей жатыр

  • 108
  • UPD: 11:38, 26.09.2020
Аргентинадағы алапат орман өрті дес бермей жатыр

Аргентинада алапат өрт қаулап жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тілсіз жаудан әсіресе, Кордова провинциясы зардап шегіп отыр. Күшіне мінген жалын аймақтағы орман алқабын жайпап қана қоймай, өзге өңірлерге де ойысқан. Соңғы тәуліктің өзінде өрт 16 мың гектардан астам жерді шарпыпты. Қазір өртпен күреске қосымша күш жұмылдырылып жатыр. Өз кезегінде жергілікті билік өкілдерінің болжамынша, өрт қасақана қойылған болуы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы