428,68 501,70 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Францияда зертханалар тестілерді өңдеуге үлгермей жатыр

  • 140
  • UPD: 16:03, 26.09.2020
Францияда зертханалар тестілерді өңдеуге үлгермей жатыр

Францияда лаңкестікпен қоса, коронавирус індеті де үдей түсті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір елде вирустың екінші толқыны басталды. Билік шектеу шараларын күшейтті. Бейсенбіде ауру жұқтырған 16 мыңнан аса адам анықталды. Бүгіннен бастап Париж бен тағы 5 шаһарда оннан артық адамның жиналуына тыйым салынды. Барлар мен мейрамханалар түнгі 22:00-ден кейін жұмыс істемейді. Індет дендеген Марсель қаласы мен Гваделупа аралында дәмханалардың түгелі жабылды. Мамандардың айтуынша, жақын арада вирустың таралуы бәсеңдемейді. Індеттің екінші толқыны қазан айының ортасында өз шегіне жететін түрі бар. Ал қазір елдегі зертханалар тестілерді өңдеуге үлгере алмай отыр. Күн сайын тек Париж қаласының өзінде 37 мың адам сараптамадан өтеді. Олар ПТР тестіден өту үшін ұзын-сонар кезекке тұруға мәжбүр.

Лоранс Кордова, Аржантей ауруханасының медициналық биология бөлімінің меңгерушісі:

- Қызметкерлеріміз әбден шаршады. Әсіресе, осы бөлімде істейтін техниктер табанынан тозды.

Хабар 24 телеарнасы