427,93 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та орман өрті толастар емес

  • 115
  • UPD: 16:02, 26.09.2020
АҚШ-та орман өрті толастар емес

АҚШ-тың батыс өңірлері жойқын орман өрттерінен қатты зардап шегіп отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Құтқарушылар тамыз айының ортасында басталған өрттерді әлі күнге дейін ауыздықтай алған жоқ. Калифорния штатында тілсіз жау 350 мың гектар жасыл желекті күлге айналдырды. Орман өртімен екі мыңнан аса құтқарушы арпалысып жатыр.

Астрид Добо, өрт сөндіру қызметінің басшысы:

- Бұл өртті сөндіру өте қиын. Үлкен ағаштар жанып жатыр. Өрт ошағына да жақындай алмайсың. Қолымыздан келгенін жасап жатсақ та, шегінуге мәжбүрміз.

Аризона штатындағы Тонто ұлттық қорығында 182 гектар орман күлге айналды. Жергілікті билік жақын маңдағы елді мекендердің тұрғындарын қауіпсіз жерге көшіріп, арнайы орталықтарға орналастырды. Жылдың басынан бері тілсіз жау бір жарым миллион гектар аудандағы орманды және мыңдаған тұрғын үйді құртқан. 1930 жылдан бері бұл аймақта осындай жойқын өрттер болмаған көрінеді.

Хабар 24 телеарнасы