432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Испаниядағы зауытта төгілген шарап айналаны көл қылды

  • 121
  • UPD: 22:59, 26.09.2020
Испаниядағы зауытта төгілген шарап айналаны көл қылды

Испаниядағы шарап өндіретін кәсіпорында мыңдаған литр шарап далаға ақты. Бұл ысырап жәйт бейнеленген роликті жергілікті радиостанция Twitter-де жариялады.

Оқиға Альбасете провинциясындағы Vitivinos шарап шығару зауытында болған.

Роликтен мөлшері алып ракетамен шамалас болатын бөшкеден тәтті ішімдіктің теңіз болып ағып, зауыт аймағын алып бара жатқанын көруге болады.

Бөшкеден барлығы 50 мың литр шарап ағып кеткен.

Бұл оқиға Twitter желісінде көптеген әзіл-қалжыңға желеу болды.

Аударған: Г.Абилова

Хабар 24 телеарнасы