Бангладеш пен Сауд Арабиясы арасындағы әуе қатынасы қалпына келді, деп хабарлайды «Хабар 24».
Осыдан кейін жүздеген адам билет сататын кассаларға ұмтылып, алдында ұзын кезектер құрылды. Алайда ұшаққа мінер алдында әр жолаушы ПТР-тестін тапсыруы тиіс. Осының салдарынан зертханаларда да адам қаптап кетті. Жыл сайын Бангладештің 2 миллионнан аса тұрғыны Сауд Арабиясына жұмыс істеуге аттанатын. Биыл коронавирус пандемиясының салдарынан олар елден шыға алмай қалған еді.