428,68 501,70 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оңтүстік Суданда жойқын су тасқынынан 600 мыңнан аса адам баспанасыз қалды

  • 129
  • UPD: 09:21, 27.09.2020
Оңтүстік Суданда жойқын су тасқынынан 600 мыңнан аса адам баспанасыз қалды РБК-Украина

Үш ай толастамай жауға жаңбырлардың кесірінен Ақ Ніл өзенінде су арнасынан асып кетті.

Жазықтағы тұрғын үйлер су астында қалып, жергілікті тұрғындар үстіртке көшуге мәжбүр болды. Көбісі бүкіл мүлкі мен малынан айырылған. Нәпақасыз қалған адамдарға БҰҰ гуманитарлық көмек көрсетіп келеді. Бұл мақсатқа ұйым 10 миллион доллар бөлді. Алайда жылдың аяғына дейін тағы 40 миллион доллар табу қажет.

Хабар 24 телеарнасы