427,93 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Пәкістанда жантүршігерлік жол апаты болды

  • 162
  • UPD: 13:23, 27.09.2020
Пәкістанда жантүршігерлік жол апаты болды

Хайдарабад-Карачи күре жолында болған көлік оқиғасынан 13 адам қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Куәгерлердің айтуынша, жолаушыларға лық толы шағын автобус Карачиге келе жатқан кезде, алдында көліктер соқтығысып қалады. Соның әсерінен ыршып шыққан бөлшектен жасқанған жүргізуші өз басқаруындағы шағын автобусты шұғыл бұрған. Шалт қимылдан автобус жыраға құлап, аударылды. Салдарынан электр сымдары тұйықталып, бензин багы лезде тұтанып кетті. Осы апатқа куә болған адамдар бес жолаушыны көліктен шығарып үлгерді. Олар ауыр халде ауруханаға жеткізілді. 

Хабар 24 телеарнасы