432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Нью-Йорк штатында вирус жұқтырғандардың рекордтық көрсеткіші тіркелді

  • 156
Нью-Йорк штатында вирус жұқтырғандардың рекордтық көрсеткіші тіркелді

Бүгін Нью-Йорк штатында бір тәуліктің ішінде 1005 адам вирус жұқтырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Төрт азамат қайтыс болды. Ауырғандардың 430-ы Нью-Йорк қаласында тіркелген. Бұл туралы бүгін штат губернаторы Эндрю Куомо мәлімдеді. Айтуынша, тестілеуден өткен 99953 америкалықтардың бір пайызы вирусты жұқтырған болып шықты. Ал бұл – маусым айынан бергі рекордтық көрсеткіш. Әсіресе Нью-Йорктың Бруклин және Куинс аудандарындағы жағдай ушығып барады. Масқа тағудан бас тартып, әлеуметтік ақарашықтық шараларын сақтамайтын тұрғындар ашық түрде наразылықтарын білдіруде. Сондай-ақ білім орындары мен тамақтану орындарының қайта ашылуы вирустың таралуына әсер етіп жатыр. Мәселен, алдағы сейсенбіден бастап Нью-Йорк қаласындағы бастауыш мектептер ашылса, қыркүйектің 30-нан бастап қаладағы барлық ресторандар 25 пайыздық мүмкіндікпен жұмыс істей бастайды.

Айта кету керек, осы аптада вирусты жұқтырғандардың саны 22 пайызға өсті. Сондай ақ осы уақытқа дейін вирусты жұқтырғандардың саны төмен болып келген Аризона, Массачусетс және Колорадо сияқты штатарда вирустың қарқыны күшейіп келе жатыр. Дәрігерлер америкалықтарды тәртіпке бағынып, сақтық шараларын сақтауға шақыруда.

Майкл Катс, денсаулық сақтау ұйымының басшысы:

– Біз халыққа әлеуметтік арақашықтық пен маска тағудың маңыздылығын айтудан шаршамаймыз. Мейлі мектепке барыңыз, мейлі көпшілік жүретін жерде болыңыз, мейлі қонаққа барыңыз, ондай міндетті түрде сақтық шараларын сақтаңыздар. Бұл өте маңызды. Алдағы уақытта мектептер мен қоғамдық жерлерде мұндай талаптарды қадағалайтын жаңа ережелер қолданылады.

Естеріңізге сала кетейік, осы уақытқа дейін АҚШ бойынша 7 миллионнан астам адам вирус жұқтырып, 200 мыңнан астамы көз жұмды.

Хабар 24 телеарнасы