428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Армения мен Әзербайжан арасындағы текетірес: Таулы Карабахта әскери жағдай жарияланды

  • 232
  • UPD: 15:05, 27.09.2020
Армения мен Әзербайжан арасындағы текетірес: Таулы Карабахта әскери жағдай жарияланды

Отыз жылға айналып барады. Таулы Қарабах тағдыры талай мемлекетті алаңдатып отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқтын-оқтын бір-біріне қару кезенетін Қап тауындағы екі ел соңғы кездері қырғи-қабақ. Армения премьер-министрі Никол Пашинян Әзербайжан қарулы күштері Таулы Карабах бағытындағы тактикасын сынап шабуылға көшті деген мәлімдеме таратты. Оның айтуынша, Таулы Қарабах әскері тойтарыс беріп, Әзербайжан бекіністері мен елді мекендерін атқылауға көшкен. Өңір басшылығы елде әскери жағдай жариялап, жасы он сегізден асқан ер азаматтарын әскер қатарына шақыра бастады. Ресми Баку Арменияның осы арандатушылық қимылынан бейбіт тұрғындар зардап шегіп, тіпті қаза тапқандар бар деп хабарлады. Тоқсаныншы жылдары Әзербайжан құрамындағы Таулы Карабах өз тәуелсіздігін жариялаған болатын. Баку бұл өңірді күшпен қайтаруға тырысып, ақырында соғыс басталып кетті. 1994 жылы Әзербайжан, Армения және егемендігін жариялаған Таулы Карабах республикасының өкілдері Ресейдің ара ағайындығымен уақытша бітім хаттамасына қол қойған. Биыл шілде айында, Карабахтан 300 шақырым қашықтықта шекаралық жанжал шығып, екі жақтан 18 адам қайтыс болған еді. 

Хабар 24 телеарнасы