427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытайда көмір шахтасында 16 адам қаза тапты

  • 128
  • UPD: 16:29, 27.09.2020
Қытайда көмір шахтасында 16 адам қаза тапты

Қытайдың оңтүстік-батысындағы көмір шахтасында көміртегі тотығының бөлінуі салдарынан 16 адам қаза тауып, біреуі зардап шекті.

Бұл туралы РИА Новости хабарлайды. Оқиға жексенбі күні таңертең болған. Шахтада барлығы сол 17 адам болған.

Қазіргі уақытта құтқарушылар кеншілердің барлығын алып шықты. Алайда, өкінішке орай, олардың біреуі ғана аман қалды. Қалған 16 шахтер қаза болды.

Хабар 24 телеарнасы