432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Таулы Карабахта жағдай ушықты

  • 349
  • UPD: 17:25, 27.09.2020
Таулы Карабахта жағдай ушықты

Таулы Қарабахтағы жағдайдың ушығуына байланысты Арменияда әскери жағдай мен жалпыұлттық мобилизация жарияланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Үкімет басшысы Никол Пашинян бұл туралы Facebook-ке жазып, әскери қызметке міндетті адамдарды жергілікті комиссариаттарға баруға шақырды. Өзін өзі тәуелсіз жариялаған Таулы Карабах республикасының билігі де жалпыұлттық мобилизация жариялады. Айтуынша, Әзербайжанның қарулы күштері өз аумағындағы елді мекендерді атқылаған. Баку мен Ереван жағдайдың ушығуына бір-бірін кінәлап отыр. Әзербайжан тарапының мәлімдеуінше, бірінші болып армян жағы атыс бастаған. Армения билігі Карабах Әзербайжан жағынан шабуылға ұшырағанын айтып отыр. Тойтарыс берген Карабах әскері 2 тікұшақ пен 3 ұшқышсыз басқарылатын ұшағын атып түсіріп, 3 танкты жойған. Әзербайжан қорғаныс министрлігінің мәлімдеуінше, бұл – жалған мәлімет. Жергілікті телеарналардың бірінде ел президенті Ильхам Әлиевтің үндеуі жарық көрді. Ол бейбіт халық пен әскер арасында шығын болғанын мәлімдеді. Тілшілеріміз жағдай әрі қарай қалай өрбитінін бақылап отыр.

Хабар 24 телеарнасы