428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Лондонда мыңдаған адам шектеу шараларына қарсы шеруге шықты

  • 117
  • UPD: 17:40, 27.09.2020
Лондонда мыңдаған адам шектеу шараларына қарсы шеруге шықты

Лондонда індеттің таралуына байланысты қабылданған шектеулерге қарсы наразылық шеру өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мыңдаған адам Трафальгар алаңында жиналды.

Адамдардың көбі бетперде тақпаған. Полиция шерушілер әлеуметтік арақашықтық сақтамағанын мәлімдеп, оларды үйлеріне тарауға шақырды. Алайда, бұл сөздеріне ешкім құлақ аспағаннан кейін тәртіп сақшылары күш қолданды. Ереуілшілер де қарап қалмады. Олар шөлмек лақтырып, полициямен қақтығысты. Нәтижесінде 9 тәртіп сақшысы мен 3 ереуілші жарақат алды. Полиция 16 адамды қамады.

Хабар 24 телеарнасы