429,59 501,70 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Кудзира» дауылы Жапонияға жақындап қалды

  • 135
  • UPD: 19:26, 27.09.2020
«Кудзира» дауылы Жапонияға жақындап қалды фото: inform.kz

Жапон метеорологтары Тынық мұхитында жаңа «Кудзира» тропикалық дауылының пайда болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жапонияның бас метеорологиялық агенттігінің деректеріне қарағанда, қазіргі уақытта циклон Минамитори атолл аралы ауданында және солтүстік батыстағы негізгі Хонсю аралына қарай 10 км/сағ жылдамдықпен жылжып барады.

Орталықтағы желдің жылдамдығы 18 м/с, екпіні 25 м/с дейін.

Мамандар дауыл аптаның ортасына қарай Хонсюдің шығыс жағалауына жақындап, сонымен қоса бірге жаңбыр жауып, жел күшейеді деп күтуде.

Бұдан бұрын Жапонияда Хайшен тайфунының салдарынан төрт адам хабар-ошарсыз кетіп, 52 адам жарақат алған еді.

Хабар 24 телеарнасы