428,77 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мәскеуде зауыт ішіндегі өткел құлап, 50-ден астам Қырғызстан азаматы жарақат алды

  • 93
  • UPD: 23:11, 27.09.2020
Мәскеуде зауыт ішіндегі өткел құлап, 50-ден астам Қырғызстан азаматы жарақат алды фото: ТАСС

Мәскеу маңындағы Ступино елді мекенінде өндіріс орнында өткел құлап, 51 адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

«Қазіргі уақытта 51 адамның жарақат алғаны белгілі. Оның бәрі әртүрлі ауруханаларда ем алып жатыр. Кейбіреулері өз бетінше медициналық көмекке жүгінген» деп хабарлады агенттікке сұхбат берген төтенше жағдайлар министрлігі Мәскеу облысындағы басқармасының баспасөз қызметі.

Мұның алдында зардап шеккендер саны 39 болатын. Оның ішінде 18 адам ауыр халде жатыр. Қаза тапқандар жоқ.

Ведомствоның мәліметінше, оқиға салдарын жоюға 68 құтқарушы мен 25 техника тартылған.

Зардап шеккендердің барлығы - Қырғызстан азаматтары. Оның екеуі Ресей азаматтығын алған. Олар – осы зауыттың жұмысшылары.

Айта кетейік, «ФМ Логистик» өндіріс орнында опырылып түскен металл өткелдің ұзындығы - 35 метр, биіктігі - 4 метр. Ол инженерлік коммуникациялардың үстіне құлап, бүлдірген.

Хабар 24 телеарнасы