428,68 501,70 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Таулы Карабахтағы қақтығыстан қаза тапқандар саны жиырмаға жуықтады

  • 137
  • UPD: 10:23, 28.09.2020

Таулы Карабахтағы қақтығыс кезінде 16 сарбаз бен бірнеше бейбіт тұрғын қаза тапты. Тағы жүзден аса кісі жарақат алды.

Бұл туралы Рейтер агенттігі мәлімдеді.

Ақпаратқа сәйкес, Әзербайжан тарапы танк пен тікұшақтарынан айырылғанмен Таулы Карабахтың бірнеше позициясын басып алған. Алғашқы қақтығыстан кейін Армения мен Таулы Карабах және Әзербайжанда жалпыұлттық мобилизация жүріп жатыр. Екі ел де қақтығыстың басталуына бір-бірін айыптап отыр.

Айта кетейік, Таулы Карабах Әзербайжаннан тоқсаныншы жылдары бөлініп шыққан. Баку бұл өңірді күшпен қайтаруға тырысып, соғыс болған. 1994 жылы Ресейдің ара ағайындығымен уақытша бітім хаттамасына қол қойған. Ал биыл шілде айында Таулы Карабах пен Әзербайжан арасындағы шекарада тағы жанжал шығып, 18 адам қайтыс болған еді.

Хабар 24 телеарнасы