432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мадридте карантинге қарсы шеру өтті

  • 123
  • UPD: 09:39, 28.09.2020
Мадридте карантинге қарсы шеру өтті

Мадридтың Вальекас ауданында наразылық шеруі өтті. Көшеге мыңдаған адам шығып, ауданның карантинге жабылуына қарсылық танытты. Полиция мұнда бақылау бекеттерін орнатып, қаланың өзге аумағынан бөліп тастады. Тек жұмысқа баратындар ғана ары-бері қатынай алады.

Коронавирус індеті негізінен Мадридтің ең кедей аудандарына тарап кеткен. Жалпы шаһардың 37 ауданы оқшауланды. Онда 800 мыңдай адам тұрады. Індет басталғалы Испанияда 700 мың адам вирус жұқтырып, 30 мыңнан астамы көз жұмған. Наурыз айының ортасында елде қатаң карантин енгізілген болатын. Ал маусымда шектеу шаралары жеңілдетілді. Алайда қазір індет қайта дендеді. Осыған байланысты Испанияның жеке аймақтары карантин тәртібін енгізуге мәжбүр.

Хабар 24 телеарнасы