428,68 501,70 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жапония 2035 жылға қарай Айға зауыт салады

  • 126
  • UPD: 10:29, 28.09.2020
Жапония 2035 жылға қарай Айға зауыт салады

Жапонияның аэроғарыштық зерттеу агенттігі 2035 жылға қарай Айда сутегі отынын өндіретін зауыт салуды жоспарлап отыр.

Кәсіпорын Жер серігінің оңтүстік полюсіне жақын жерде орналасады. Бұл Киодо агенттігі хабарлады.

Ол жерде мұз шөгінділері бар, олардан ауыз су, оттегі және сутегі алынады. Сутегіні Айдың өзінде немесе ғарыш станциясының арасында ұшу үшін отын ретінде қолдануға болады. Ғалымдардың алдын ала есептеулері бойынша ол үшін 21-ден 37 тоннаға дейін су қажет болады. Нәтижесінде Жерден отын тасымалдау шығындарын азайтуға мүмкіндік жасалмақ.

Жобаны сәтті жүзеге асыру Ай мен ғарышты зерттеу қарқынын жеделдетуге көмектеседі.

Хабар 24 телеарнасы