427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


НАТО Әзербайжан мен Арменияны қақтығысты доғаруға шақырды

  • 106
  • UPD: 15:02, 28.09.2020

Еуропалық Одақ Әзербайжан мен Арменияның тез арада әскери қимылдарды тоқтатуға шақырды. Бұл туралы Еуропалық Одақтың Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі Жозеп Боррель мәлімдеді.

Жозеп Боррель, Еуроодақтың Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі:

- Таулы Карабахтағы қақтығысты реттеу үшін ЕҚЫҰ Минск тобының тең төраға елдерінің аясында еш талап-шартсыз шұғыл түрде келіссөз бастау керек.

НАТО Бас хатшысының Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Джеймс Аппатура да тараптарды қақтығысты дереу тоқтатуға шақырды. Солтүстік альянс басшысының өкілі бұл жанжал әскери жолмен шешілмейтінін айтып бейбіт келіссөздерді бастау қажеттігін айтты. Осы ретте НАТО Еуропалық қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Минск тобын қолдайтынын мәлімдеді.

Хабар 24 телеарнасы