432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Израильде Б.Нетаньяхуға қарсы шерулер тыйылмай тұр

  • 115
  • UPD: 14:53, 28.09.2020
Израильде Б.Нетаньяхуға қарсы шерулер тыйылмай тұр

Израильде премьер-министр Биньямин Нетаньяхуға қарсы шерулер жалғасуда. Мыңдаған адам тағы премьер-министр резиденциясы алдына жиналып, қызметтен кетуін талап етіп жатыр. 

Халық үкімет басшысы қызметін пайдаланып, жемқорлыққа барды деп айыптап отыр. Және қатаң карантин тәртібін қайта енгізуді сынға алуда. Полиция шерушілерді тарату үшін күш қолданып, қақтығыс болды. Бірнеше адам қамауға алынды. Израильде індетке байланысты қатаң шектеулер қайта енгізілген. Үйден азық-түлік пен дәрі-дәмек сатып алу үшін ғана шығауға болады. Жуық арада көптеген жұмыс орыны қайта жабылуы мүмкін. Ал дерекке қарағанда соңғы уақытта күн сайын 8 мыңнан астам адамнан вирус анықталып отыр.

Хабар 24 телеарнасы