432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Барселонадағы «Лисео» театры көрермендерге есігін қайта ашты

  • 84
  • UPD: 16:14, 28.09.2020

Барселонаның танымал «Лисео» театры көрермендерге есігін қайта ашты. Мәдениет ошағында барлық сақтық шаралар қарастырылған.

Ғимаратқа адамдар тек бетпердемен және дене қызуы тексерілген соң ғана кіргізілді. Театрдың ішінде әлеуметтік қашықтық сақталып, адамдар бір-бірінен алшақ отырғызылды. Алғашқы кешті канадалық опера әншісі Сондра Радановски мен поляк теноры Петр Бечала ашты.

Айта кетейік, «Лисео» театры маусым айында да концерт берген. Бірақ ол кезде залдағы орындарға құмырадағы гүлдер қойылып, ал қойылымды адамдар онлайн көрген еді.

Хабар 24 телеарнасы