427,88 501,70 5.49
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Таиланд коронавирусқа байланысты төтенше жағдай режимін ұзартты

  • 90
  • UPD: 16:44, 28.09.2020
Таиланд коронавирусқа байланысты төтенше жағдай режимін ұзартты

Таиланд коронавирустық инфекцияның таралу қаупіне байланысты төтенше жағдай режимін ұзартты.

Ол тағы бір айға, яғни 31 қазанға дейін созылады.

«Төтенше жағдай режимі осымен алтыншы рет ұзартылып отыр. Ол әлемдегі эпидемиологиялық ахуалдың әлі жақсармай тұрғандығына байланысты қабылданды. Әлемде 33 млн-нан астам адам ауруды жұқтырып, бір миллион адам қайтыс болды», - деді Коронавирустық инфекциямен күрес ұлттық орталығының баспасөз хатшысы Тхависин Висануйотхин.

Соңғы мәліметтер бойынша Таиландта 3,5 мың адам коронавирус жұқтырған, 59 адам көз жұмды.

Хабар 24 телеарнасы