427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сербияда мыңдаған мигрант Венгриямен арадағы шекараға ағылып жатыр

  • 135
  • UPD: 08:19, 29.09.2020
Сербияда мыңдаған мигрант Венгриямен арадағы шекараға ағылып жатыр

Құқық қорғау ұйымдарының мәліметіне сүйенсек, олар Батыс Еуропа елдеріне өтпек екен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Айта кетейік, қазірдің өзінде Белград көшелерінде мыңдаған босқын өмір сүреді. Олардың мақсаты – Еуроодақ аумағына жету. Серб билігінің айтуынша, бүгінде ел аумағындағы мигранттардың саны былтырмен салыстырғанда 30%-ке көп екен.

Самир, Мароккодан келген мигрант:

- Осындағы адамдардың басым бөлігі әйелдер мен балалар. Арасында ер азаматтар да бар, әрине. Қазір шекара жабық. Венгрия және Хорватиямен арадағы шекараны күзетіп тұрған әскерилер саны жетерлік. Бір рет оны кесіп өтпек болған едім, бізді ұрып-соғып, барлық затымызды ұрлап кетті. Енді ештеңеміз жоқ.

Хабар 24 телеарнасы