Ұлыбританияда әлеуметтік арақашықтықты сақтауға көмектесетін мобильді қосымша жасалды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Егер пайдаланушылар бір-біріне тым жақын тұрған болса, қосымша бірден дабыл қағып, ескерту хат жібереді екен. Қазірдің өзінде осы бір қосымшаның тиімділігіне көз жеткізген мыңдаған азамат оны өз телефондарына орнатып алған. Сондай-ақ жергілікті теміржол компанияларының бірі қолданысқа енгізіпті. Жоба авторларының сөзінше, бұл бағдарлама пайдаланушылар жайлы деректі толықтай құпия сақтайды.