432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

БАҚ: Таулы Карабахқа байланысты Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысы өтеді

  • 133
  • UPD: 15:50, 29.09.2020
БАҚ: Таулы Карабахқа байланысты Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысы өтеді

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Таулы Карабахтағы жағдайға байланысты шұғыл отырыс өткізеді.

Бұл туралы Ресей ақпарат құралдары хабарлады. Басқосу бүгін жабық форматта жүрмек. Кездесу қақтығысушы тараптардың өкілдерінісіз тек Қауіпсіздік кеңесіне мүше елдерінің қатысуымен өтпек.

Еске сала кетейік, жексенбі күні Таулы Карабахта қарулы қақтығыс басталып, ондаған әскери мен бейбіт тұрғын қаза тапты. Жүздеген адам жарақат алды. Армения мен Әзербайжан тарапы әскери қимылдарға қатысты түрлі мәліметтер таратуда. Баку алғашқы ұрыста дұшпанға күшті соққы беріп, бірнеше бекіністі басып алғанын хабарлады. Алайда Ереван адам шығыны барын айтқанымен, Әзербайжан күштері ешқандай мекенді бақылауға алмағанын айтады. Таулы Карабахтың өзінде әскери жағдай енгізілген. Арменияда әскери резервте тұрған тұлғалардың ел аумағын тастап шығуына тыйым салынды. Ал Әзербайжанда армян тарапынан арандатушылықты болдырмау үшін кей әлеуметтік желілер бұғатталған.

Хабар 24 телеарнасы