427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ДДСҰ: Дерттен қайтыс болғандардың саны ресми деректен жоғары болуы мүмкін

  • 91
ДДСҰ: Дерттен қайтыс болғандардың саны ресми деректен жоғары болуы мүмкін

Әлемде коронавирустан қайтыс болғандардың саны ресми дерекке қарағанда әлдеқайда жоғары болуы мүмкін.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы осылай деп мәлімдеді. Мамандар мұны көптеген елдерде санақ дәл жүргізілмейтінімен түсіндіреді. Ұйым өткен күні COVID-19-дан көз жұмғандардың қарасы 1 миллионнан асқанын хабарлаған. Сонымен қатар халықаралық құрылым өкілдері кірісі төмен және орта елдерге індетпен күресуге жан-жақты қолдау көрсетіле беретінін жеткізді. Алдағы уақытта бұл мемлекеттерге ірі көлемде экспресс-тест жеткізілмек.

Тедрос Адханом Гебрейесус, ДДСҰ бас директоры:

– Дүниежүзілік денсаулық ұйымы серіктестерімен келісе отырып, кірісі төмен елдерге 120 миллион экспресс-тест жеткізуге уағдаласты. Бұл тестінің нәтижесі бірнеше сағат немесе бір күн емес, жарты сағат ішінде дайын болады. Бағасы да арзан – 5 АҚШ доллары көлемінде.

ТРАМП 150 МИЛЛИОН ЭКСПРЕСС-ТЕСТ ТАРАТЫЛАТЫНЫН МӘЛІМДЕДІ

Ал АҚШ-та алдағы апталарда 150 миллион экспресс-тест таратылмақ. Бұл туралы президент Дональд Трамп мәлім етті. Ақ үй басшысының айтуынша, бұл – өте қарапайым әрі 15 минутта дайын болатын тест. Оны «Эббот» компаниясы дайындап шығарған.

Хабар 24 телеарнасы