428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Германияда соңғы тәулікте 1500 адам коронавирус жұқтырды

  • 85
  • UPD: 11:44, 29.09.2020
Германияда соңғы тәулікте 1500 адам коронавирус жұқтырды

Германияда соңғы бір тәулікте коронавирусты 1500-ден астам адам жұқтырып алған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Індет әсіресе, Баварияда қарқынды таралуда. Осыған байланысты аймақта жаңа шектеулер енгізілді. Енді отбасылық той-думандарға шақырылған адамдардың саны 75-тен аспауы тиіс. Солтүстік Рейн-Вестфалияда да жақында той кезінде адамдардың дертті жаппай жұқтыру оқиғасынан кейін шектеуді қатаңдату шешілді. Себебі, науқастар 1700 адаммен байланысқа түскен. Олардың көбі оқушылар. Салдарынан 10 мектеп жабылған.

Штеффен Зайберт, Германия үкіметінің ресми өкілі:

- Вирусты жұқтырғандар санының өсуі бізді алаңдатып отыр. Маусым айынан науқастардың қарасы 3 есе артқан. Дегенмен, бұл барлық өңірлерде емес. Кей аймақтарда індеттің таралуы төмен. Қауіпті дертті дер кезінде бақылауға алу маңызды.

Хабар 24 телеарнасы