Алтыннан құйылып жасалған маска таққан үндістандық кәсіпкер қайтыс болды, деп хабарлады zakon.kz.
Шетелдік БАҚ-тың хабарлауынша, Үндістанның Пимпри-Чинчвад провинциясында тұратын Шанкар Кураде коронавирус жұқтырып, асқынған пневмониядан көз жұмды.
49 жастағы кәсіпкер коронавирустан қорғану үшін салмағы 60 г болатын алтын маскаға тапсырыс берген. Оны жасауға 8 күн кеткен, ал құны 4 мың АҚШ долларын құрады.
«Бұл – тыныс алуыма мүмкіндік беретін ұсақ тесіктері бар алтыннан жасалған жұқа маска. Мені коронавирустан қаншалықты тиімді қорғайтынына сенімді емеспін, бірақ мен басқа да сақтық шараларын қолданып жүрмін», - деген болатын Кураде.