427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еурокомиссия: Ұлыбритания ұстанымы Еуроодақтың бағытына қарама-қайшы

  • 89
  • UPD: 13:47, 29.09.2020
Еурокомиссия: Ұлыбритания ұстанымы Еуроодақтың бағытына қарама-қайшы

Лондон мен Брюссель Ұлыбританияның Еуроодақтан шыққаннан кейінгі сауда келісімі бойынша ортақ шешімге келе алмай жатыр.

Бұл туралы Еурокомиссия вице-президенті Марош Шефчович мәлімдеді. Тараптар екіжақты келіссөздің тоғызыншы кезеңінде Ұлыбританияның ішкі нарық заңнамасы бойынша қарама-қайшылықтарды шешуге күш салуда. Брюссельдің пікірі бойынша британ заң жобасы елдің Одақтан шығу туралы келісіміне кереғар. Лондон болса, «құжаттың Brexit келісімшартына еш әсері жоқ, тек сақтық шара ретінде қабылданады», деп отыр. Тараптар энергетика мен көлік саласындағы келешек ынтымақтастықты талқылауда.

Марош Шефчович, Еурокомиссияның вице-президенті:

- Ұлыбритания ұстанымы Еуроодақтың бағытына қарама-қайшы. Біз Лондоннан ішкі нарық туралы заң жобасындағы кей даулы тұстардан бас тартуын сұрадық. Егер құжат қазіргі нұсқада қабылданатын болса, елдің Еуродақтан шығу туралы келісімшарты бұзылады.

Майкл Гоув, Ұлыбритания үкіметі хатшылығының басшысы:

- Біз Ұлыбритания құрамындағы Солтүстік Ирландияның жағдайы тұрақты екеніне көз жеткізгіміз келеді. Және Одақтан шығу туралы құжаттың толығымен орындалғанын көздейміз. Сондықтан қазіргі заң жобасын сақтық шарасы ретінде қарау қажет. Оны өкілдер палатасы қолдап отыр. Сондықтан құжат өзгеріссіз қалады.

Хабар 24 телеарнасы